Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҚЫҰ  ОРТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР

24.11.2023

23-24.11.2023 ж., Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ЕҚЫҰ  Орталығы ұйымдастырған гендерлік теңдік жөніндегі аймақтық семинарға Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығының бастығы полиция полковнигі А.Ф.Саттарова, орталық қызметкерлері полиция подполковнигі А.М.Байманова, полиция майоры З.М.Куашова және полиция лейтенанты М.Айболатқызы, сонымен қатар идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ж.А.Жукаева қатысты /онлайн режимде/.

Семинарда қатысушы елдердің гендерлік мәселелерді ықпалдастырудағы озық тәжірибесі талқыланды – ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерде гендерлік мәселелердің негізгі бағыты, әйелдердің еңбек жағдайлары, адам саудасымен күрес мәселесінің гендерлік аспектілері, терроризмге қарсы тұру және шекараны басқару операциялары кезінде  баяндамамен полиция полковнигі А.Ф. Саттарова сөз сөйледі.