22.12.2022
Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Институттың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Институттың ғылыми-зерттеу қызметі жоғары кәсіптік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрықтарына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
– Институттың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру;
– ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары бойынша Институттың құқық қорғау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
– профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылардың бірлескен ғылыми зерттеулерге, ғылыми еңбектерді, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығаруға қатысуын қамтамасыз ету;
– Қазақстан Республикасы ІІМ ғылыми-зерттеу қызметінің жоспарын, Институттың күнтізбелік жылға арналған Ғылыми-зерттеу қызметінің жоспарын қалыптастыру;
– ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру, дайындау және өткізу;
– профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру;
– ғылыми конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға қатысу үшін делегациялармен алмасуды ұйымдастыру;
– ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу үдерісіне және практикалық қызметке енгізуді есепке алу;
– Институттың профессорлық-оқытушылар құрамы жұмысының нәтижелерін, жарияланған жұмыстар мен өткізілген конференцияларды есепке алу;
– білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;
– Институт басылымдарының жыл сайынғы Тақырыптық жоспарының орындалуын дайындау, бекіту және бақылауды қамтамасыз ету;
– бөлімде іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу.
Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің құрамы:
бөлім бастығы, заң ғылымдарының магистрі, полиция подполковнигі Сагынтаева Асель Амангельдиновна;
ғылыми қызметкер, Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі, полиция майоры Фаткулин Ильдар Оскарович,
редактор – Жетесова Алуа Тулеуовна;
корректор – Аманбаева Айгул Анатолиевна.
Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі туралы қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: Ақтөбе қаласы, Курсанттар тас жол 1, Әкімшілік ғимарат, 4-қабат, жұм.тел. 8-7132-98-80-37 (ішкі. 141, 120). Эл.пошта: ooniirir2021@mail.ru
Бөлім бастығы
заң ғылымдарының магистрі
полиция подполковнигі
Сагынтаева Асель Амангельдиновна
Ғылыми қызметкер
Ұлттық қауіпсіздік және әскери істер магистрі
полиция майоры
Фаткулин Ильдар Оскарович