Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІІО АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУ ҚҰРМЕТІНЕ ОРАЙ «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА

11.11.2023

11 қарашада институтта ІІО Ардагерлер кеңесінің құрылу құрметіне орай «Ардагерлерді ардақтайық!» атты салтанатты шара өтті.
Қазіргі таңда ардагерлер институт өміріне етене араласып, тәжірибесімен білімдерін қызметкерлерге және тыңдаушыларға сіңіре отырып, отансүйгіштік сезімін оятады, іскерлік және адами қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Институт бастығы ардагерлерімізге ІІО қызметінде сіңірген еңбектері үшін алғысын білдіріп, құттықтау лебізін жеткізді. Ғұмырларының саналы бөлігін арнаған құқық қорғау саласындағы еңбектері бағаланып, оларға сый-құрмет көрсетілді, оқу орнының өркендеуіне қосқан үлестері үшін марапатталды. Соңында, ІІО ардагерлерінің құрметіне әндер шырқалып, күй орындалды.