Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«САҚШЫ», «НА СТРАЖЕ» ГАЗЕТТЕРІНІҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

24.11.2023

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде салалық «Сақшы», «На страже» газеттерінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.С. Саденов шараға арнайы шақырылған баспаның әртүрлі кезеңдерінде қызмет атқарған ардагерлері мен қызметкерлерін, аумақтық Полиция департаменттерінің, Қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінің, Ұлттық Ұланның және ведомстволық оқу орындарының баспасөз хатшыларын құттықтады.
Аталған мерейтойда институт бастығының баспасөз хатшысы Ж.Б.Нурмухамбетова да бой көрсетіп, ұзақ жылдар бойы оқу орнының аяқ-алысын, тынысын баяндайтын мақалаларды жарықтандырудағы ынтымақтастығы үшін Медиа орталықтың ұжымына институт бастығы полиция полковнигі Н.Ж. Мұхаметқалиевтің арнайы құттықтау хатын жеткізді.