Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

17.11.2023

Ақтөбе қаласындағы мектептердің оқушыларымен кездесу өткізу жоспарын жүзеге асыру аясында және оқушылардың арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру үшін, Институттың оқу-әдістемелік орталық бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.С. Галиуллинамен және орталықтың оқытушы-әдіскері Д.Т.Тулеуовпен қаламыздағы жалпы білім беретін №1 және 74 орта мектептерінің оқушыларымен «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» және «Бала құқықтары» тақырыптарына кездесу өткізді.

Бұл кездесудің негізгі принциптерінің бірі оқушыларға жеке тұлғаны жан-жақты құқықтық қорғауды және жасөспірімдермен жасалатын әртүрлі құқық бұзушылық түрлері үшін жауапкершіліктерді түсіндіру.
Кездесу белсенді, мазмұнды өтті, оқушылар мен мұғалімдер құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік туралы өз сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарына бакалавриатқа оқуға түсу бағыты бойынша жұмыс жүргізілді.