Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАЗАСЫНДА ӨҢІРДІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ҮШІН КӨШПЕЛІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН ӨТКІЗДІ

29.11.2023

Ағымдағы жылдың 25-30 қыркүйегі аралығында институт қызметкерлері Маңғыстау облысының полиция департаменті базасында өңірдің жергілікті полиция қызметінің басшылары үшін көшпелі біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Оқу курсы сонымен қатар полиция жұмысының этикалық аспектілерін талқылауды және қоғамдық сенімді қолдаудың маңыздылығын қамтыды. Полиция қызметкерлері азаматтар үшін қауіпсіз және әділ орта құрудағы полицейлердің рөлін, сондай-ақ қоғаммен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын талқылады.

Курс аясында полиция қызметкерлері полиция қызметінің сервистік моделі, оның принциптері мен негізгі артықшылықтары туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері алған білімдерін іс жүзінде қолдану үшін рөлдік ойындар мен тренингтер өткізді. Олар азаматтармен тиімді қарым-қатынас жасау, тыңдау дағдыларын дамыту және олардың қажеттіліктерін түсіну әдістерін зерттеді. Қызметкерлер сондай-ақ жанжалды жағдайларды шешу дағдыларын және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін командада жұмыс істеу дағдыларын алды.

Курс барысында Қазақстан Республикасындағы полиция қызметінің сервистік моделінің табысты тәжірибесінің мысалдары ұсынылды. Полиция қызметкерлері полиция қызметінің сервистік моделі сәтті қолданылатын басқа елдердің тәжірибесін зерделеп, оны қазақстандық контексте қолдану мүмкіндіктерін зерделеді.