26.11.2023
2023 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 6-взводының тындаушылары кураторлық сағат аясында халықтың сенімін нығайту және полицияның мәртебесін көтеру мақсатында құрылған Ақтөбе қаласы ПБ Алматы аудандық № 25 УПП орналасқан қызмет көрсету орталығына барды.
Қызмет көрсету орталығына барудағы мақсат – болашақ полиция қызметкерлерінің халықпен жұмыс жасаудағы құзыреттілігін дамыту.
Ұсынылған мүмкіндіктер аясында тыңдаушылар қызмет көрсету орталығы жұмысының шынайылығына қанық болды.
Оқу үрдісінде қосымша мүмкіндіктер элементтерін пайдалану ерекше өзекті болып табылады.
Тыңдаушылар назары Полиция қызметкерлерінің халықпен жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызатын Қызмет көрсету орталығының заманауи жабдықталуына аударылды.
Тыңдаушылар қызмет көрсету орталығының жұмысын қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдарының жауапты қызметкерлеріне полиция қызметіне қатысты сұрақтарын үлкен қызығушылықпен қойып, Орталыққа жүгінген азаматтарға өз бетінше көмек көрсете алды.

