Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ЖОО СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

21.09.2023

2023 жылдың  21 қыркүйек күні ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Қазақ-Орыс Халықаралық университетімен Білім беру және ғылыми қызметті дамыту және жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты полиция полковнигі Н.Ж. Мұхаметқалиев және Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің ректоры Р. Сейілханова қатысты.

ЖОО студенттерімен кездесу барысында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары мен міндеттері түсіндірілді.

Институт өкілдерін университеттің материалдық-техникалық базасымен, кітапхана қорымен, заманауи оқу полигонымен және зертханалармен таныстырды.