Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«ЖАСӨСПІРІМ КЕЗІНДЕГІ БУЛЛИНГ» АТТЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА

22.11.2023

2023 жылғы 22 қарашада Ақтөбе қаласының «Білім» мектеп-гимназиясының қабырғасында Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қызметкерлері 5-7 сынып оқушыларына «Жасөспірім кезіндегі буллинг», «Біз есірткіге қарсымыз» атты профилактикалық іс-шара өткізді. Тақырыптық сабаққа 80-нен астам оқушы қатысты. Олар буллингтің түрлері туралы біліп, жауапкершілік пен алдын алу шараларын талқылады. «Буллинг жастар мен жасөспірімдер арасындағы ең қатыгез мінез-құлық түрі болып табылады, ол көбінесе бейсаналық түрде, ойын түрінде көрінеді, бірақ кейде жәбірленуші үшін де, агрессордың өзі үшін де ауыр зардаптарға әкеледі», – деп атап өтті ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының доценті полиция подполковнигі В.В. Хасанова. Оқушылармен әңгімені қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Н.Т. Саханова жалғастырып, есірткінің зияны туралы айтып, есірткі мен өлімнің іс жүзінде синоним екенін, ал оларды қабылдау салдарынан сөзсіз өлім болатынын түсіндіріп, олар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.

Кездесу соңында кәсіби даярлық факультетінің бастығы полиция полковнигі Д.А. Амангельдиев полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы айтып, кішкентай достарды полиция мамандығымен таныстырды.