Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларды қызметке шығарып салу

10.06.2023

Бүгін, еліміздің әр өңірінен келіп, екі ай қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушылары белгіленген өңірлерге қызметке шығарып салынды. Салтанатты шара барысында саналы тәрбие беруде сіңірген өнегелі істері үшін курс басшылары және топ жетекшілері алғыс хаттармен, оқу бағдарламасын меңгеруде жақсы көрсеткіш көрсеткен және қоғамдық, спорттық жұмыстарда белсенділік танытқан тыңдаушылар грамоталармен марапатталды. Институт басшылығы және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің басшылығы тыңдаушылардың ішкі істер органдарында қызметін жалғастырып, институт қабырғасында алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, халыққа адал қызмет етуде өз міндеттерін абыроймен атқаратындықтарына сенім білдірді.