Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

“ӘЙЕЛДІҢ РУХАНИ ДАМУЫ” СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

18.08.2023

Институттың әйелдер құрамы арасында “Әйелдің рухани дамуы” тақырыбында “Ихсан” орталығының теолог мамандары Исаева Алтынай және Бисембаева Роза семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренингте қоғамда рухани құндылықтардың дамуында әйелдің рөлі, отбасындағы жылылық, энергетиканы қайдан алу керектігі жөнінде пайдалы, дін және дәстүр призмасынан өткен ақпараттар берді.