7.04.2018
2018 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының базасында курсанттардың (студенттердің), магистранттардың, адъюнкттардың, докторанттардың Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында Ғылым күніне арналған «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты — конференция қатысушыларының құқық саласындағы өзекті мәселелерді кәсіби деңгейде талқылауына жағдай туғызу, ғылыми-зерттеу қабілеттіліктерін арттыру, заңнамаларды жетілдіру бағыттарын жан-жақты талқылау және зерттеушілік, халықаралық тәжірибелік қызметтер бойынша ғылыми нәтижелер алмасу.
Конференция жұмысына Орынбор мемлекеттік университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, Ресей ІІМ Омск академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының,
Т.Я. Бегилдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары мен студенттері және Ресей ІІМ Краснодар университетінің адюнкттері — полиция аға лейтенанты Т.С. Луговенко мен полиция капитаны М.В. Хомутов қатысты.
Конференцияда жалпы 205 баяндама оқылды. Пленарлық кеңесте 11 баяндама қамтылды және Ресей ІІМ Ростов заң институтымен онлайн байланыс жүйесінде бірігіп өткізіліп, құқық саласындағы ғылыми жобалардың таныстырылымдары, іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулердің озық жасалымдары ұсынылды.
Пленарлық кеңесте модераторлар — институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Сулейманова Галия Жанабекқызы мен курсанттық ғылыми қоғамның төрағасы, 1«Б» курс курсанты, қатардағы полиция Еркебұланов Ақан Асқарұлы кіріспе сөз сөйледі.
Конференцияның барлық жұмыс кезеңінде жағымды іскерлік ахуал орнады, әрбір қатысушының «еркін микрофон» арқылы өз ойын ортаға салып, сұрақтар қоюына мүмкіндік берілді. Пленарлық кеңес жұмысы сағат 10:00-де басталып, 13:20-да аяқталды.
Сонымен қатар айта кету қажет, секция жұмыстары әрбір қатысушының жеке қызығушылығы мен жауапкершілігі арқасында жоғары ғылыми деңгейде өтті. Қатысушылар тарапынан ұсынылған баяндамалар слайдтармен сүймелденіп, тәжірибелік іргелі сипатта болды. Әрбір секция бойынша белгілі бір проблемаларды шешу жолдары мен оларға жаңа қадам жасау жөнінде ұсыныстар, ұсынымдар енгізілді.
Пленарлық кеңестің қорытындысында секция модераторлары жұмыс барысы жөніндегі баяндамаларымен шығып, номинациялар бойынша кандидатураларды ұсынды.
Дәлірек айтқанда, «Әкімшілік құқықтың және әкімшілік қызметтің өзекті мәселелері» секциясы бойынша Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің
2-курс студенттері Н.Жұмабаева мен А.Ахметованың баяндамалары, «Қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамаларын және криминологияны жетілдірудің мәселелері мен болашағы» секциясы бойынша Ресей ІІМ Краснодар университетінің адъюнкті полиция капитаны М.В. Хомутовтың баяндамасы, «Қылмысты ашу және тергеу мәселелері бойынша өзекті сұрақтар» секциясы бойынша Ресей ІІМ Омск академиясының 4-курс курсанты қатардағы полиция А.М. Аубакировтің баяндамасы, «Мемлекеттік-құқықтық және азаматтық-құқықтық дамудың жалпытеориялық негіздері» секциясы бойынша Т.Я. Бегилдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының 3-курс курсанты М.Марденнің баяндамасы, «Психологиялық-педагогикалық негіздер және арнайы дайындық» секциясы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының 2-курс курсанты А.Дүйсенбайдың баяндамасы үздік мақала ретінде танылды.
Пленарлық кеңесте ұсынылған баяндамалар бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1 «Б» курс курсанты Т.Б. Кенебайдың баяндамасы мен Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс курсанты Т.Джардемовтің, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының 3-курс курсанты Д.Д. Нұрмағанбетовтің баяндамалары үздік деп танылды.
Аталған іс-шараны қорытындылау нәтижесі бойынша институт бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., полиция подполковнигі Галия Жанабекқызы Сулейманова мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттық ғылыми қоғамның төрағасы, қатардағы полиция
Е.А. Еркебұланов конференция жұмысының табысты өткендігін атап өтті және алдағы кезеңдерге сәттілік тіледі. Конференция қатысушыларына дипломдар, сертификаттар және естелік сыйлықтар тапсырылды.
РБЖ тобының инспекторы
полиция аға лейтенанты
Ш.У. Смагулова