22.12.2022
Қазақстан Республикасы ІІМ
М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының
Ғылыми-зерттеу орталығы
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 жылғы 11 қарашадағы №975 “Ұйымдастыру-штаттық мәселелер туралы” және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының 2019 жылғы 11 қарашадағы №269 “Ұйымдастыру-штаттық мәселелер туралы” бұйрықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында “Ғылыми-зерттеу орталығы” құрылымдық бөлімшесі құрылып, ұйымдастыру-штаттық өзгерістер мен қайта тағайындаулар жүргізілді.
Штат кестесіне сәйкес ғылыми-зерттеу орталығы 5 бірліктен тұратын екі топтан және орталық бастығынан тұрады:
1) Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі проблемаларды зерттеу тобы-2 бірлік (аға ғылыми қызметкер–1, ғылыми қызметкер – 1);
2) Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі проблемаларды зерттеу тобы-2 бірлік (аға ғылыми қызметкер – 1, ғылыми қызметкер – 1).
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының 2020 жылғы 14 қаңтардағы №11 бұйрығына сәйкес институттың ғылыми-зерттеу орталығы туралы ереже бекітілді.
Институт жанындағы Ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеулер жүргізумен, нәтижелерді әзірлеумен, сондай-ақ оларды енгізу мен қолдануды қамтамасыз етумен айналысатын құрылымдық бөлімше болып табылады.
Ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми қызметкерлерді даярлауда, олардың заманауи зерттеу әдістеріне, озық технологиялар мен жабдықтарға қолжетімділігін қамтамасыз етуде де маңызды рөл атқарады. Орталық басқа ғалымдармен, мамандармен білім және тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар, конференциялар мен тренингтер ұйымдастыра алады.
Ғылыми-зерттеу институтының міндеттері
- Ішкі істер органдары қызметінің өзекті әкімшілік-құқықтық мәселелері бойынша іргелі, қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- мүдделi ведомстволармен бiрлесiп жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар шеңберiнде шешiмiн талап ететiн аса маңызды мәселелердiң тiзбесi бойынша бастамашылық ұсыныстарды қарастыру, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған ғылыми ұйымдармен конкурстық негiзде жүзеге асырылатын инновациялық жобаларға қатысу;
- әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудiң ағымдағы кешендi проблемаларын дамыту, заңнаманы және iшкi iстер органдарының қызметiн жетiлдiруге бағытталған зертеулер жүргізу;
- ғылыми ізденіс пен шығармашылық әрекет арқылы жаңа білім жинақтау.
Ғылыми-зерттеу институтының құқықтары
- Құқық қорғау органдарының практикалық және ғылыми қызметін көрсететін материалдармен, сондай-ақ орталық пен кафедралардың ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен танысу;
- Ғылыми-зерттеу орталығының құзыретіне кіретін ғылыми-инновациялық қызмет мәселелері бойынша басқа ұйымдармен және кәсіп орындармен белгіленген тәртіпте хат алмасуды жүзеге асыру;
- Басшылықпен келісім бойынша белгіленген тәртіппен Институт қызметкерлерін ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке тартуға;
- Белгіленген тәртіппен іссапарға шығатын қызметкерлерге басқа оқу орындары мен ұйымдарда ғылыми конференцияларда тәжірибе алмасу, қажетті ақпаратты жинау және қажетті ақпаратты алу жөнінде тапсырмалар беру;
- Институттың ғылыми-зерттеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- Ғылыми зерттеу орталығының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізу және осындай отырыстарға қатысу;
- Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін Ішкі істер министрлігінің, басқа да министрліктер мен ведомстволардың басылымдарында жариялауға, белгіленген тәртіппен авторлық құқықтарды қорғауды талап етуге;
- Белгіленген тәртіппен ғылыми, халықаралық және республикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарлар мен кеңестерге қатысуға және т.б.
ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2023 жыл
Ғылыми зерттеулер
№ | Атауы | Нәтиже түрі |
1 | «Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өткізу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» | Қорытынды есеп |
2 | «Тұрмыстық зорлық-зомблық факторлары және оларды алдын алу» | Қорытынды есеп |
Ғылыми мақалалар
№ | Атауы | Автор |
1 | Есірткінің заңсыз айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау үшін арнайы техникалық құралдарды қолданудың кейбір мәселелері | Сахарбай А. |
2 | Әуе көлік объектілерінде құқықбұзушылықтардың алдын алу | Сахарбай А. |
3 | Әуе көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастырудың құқықтық сұрақтары | Сахарбай А. |
4 | Әуе көліктерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері | Сахарбай А. Губайдуллин |
5 | Қылмыстық процестегі ақшалай өндіріп алудың құқықтық реттелуі | Сахарбай А. |
6 | Қылмыстық процесте жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері мен тәуекелдері | Сахарбай А. |
7 | Қылмыстық процестік мәжбүрлеудің әлеуметтік және экономикалық әсер ету қасиеттері | Сахарбай А. |
8 | Сервистік модель. Полиция жұмысының жаңа тетіктері мен әдістері | А.Умурзакова Д.Каратикенова |
9 | Заманауи педагогикалық технологиялар | А.Умурзакова |
10 | К вопросу о семейно бытовом насилии | Ш.Смагулова Г.Дәуренбек |
11 | Әлеуметтік – экономикалық факторлардың отбасылық-тұрмыстық қатынастарға әсері. | Т.Е.Сулейменов |
12 | Мінез-құлық факторларының отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға әсері | М.С.Бахтияров |
13 | Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды «Жедел сатып алу» жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу кезінде жеке тұлғаның құқықтарын қамтамасыз ету | А.А.Длимов |
14 | Педагогикалық бақылау, бақылау түрлері, мазмұны мен мағынасы | Ш.У. Смагулова |
15 | ІІО жедел апараттары ұсынатын жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижесінде алынған дәлелдемелердің дұрыстығы мен жол берілуі | А.А.Длимов |
16 | Өліммен аяқталатын жол-көлік оқиғаларына әкеп соғатын жол жағдайлары | Г.Дауренбек |
17 | Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша есірткіні заңсыз өткізуге қарсы күреске бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын құқықтық реттеуді талдау | Т.Е.Сулейменов |
18 | Отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептері. | А.А.Длимов |
Ғылыми еңбектер
№ | Ғылыми еңбектердің атауы | Нәтиже түрі | Автор |
1 | Қылмыстық іс жүргізудегі ақшалай өндіріп алудың проблемалары | Монография | Сахарбай А. |
2 | Актуальные проблемы профилактики правонарушений на объектах железнодорожного транспорта | Әдістемелік ұсынымдар | Сахарбай А. |
3 | Есірткі және психотропных заттарды заңсыз өткізу саласындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу | Әдістемелік ұсынымдар | Т.Е.Сулейменов А.А.Длимов Ш.У.Смагулова М.Бахтияров Г.М. Дауренбек |
4 | Тұрмыстық зорлық-зомблық факторлары және оларды алдын алу | Әдістемелік ұсынымдар | А.А.Длимов Ш.У.Смагулова М.Бахтияров, М.Югай Г.Шрахметова Ж. Губайдуллин Е.Қуатұлы |
5 | Жол жүргіншінің жадынамасы | Жадынама | А.Умурзакова Д.Каратикенова |
Конференциялар, семинарлар
№ | Атауы | Іс-шаралар түрі |
1 | Заң ғылымы және білім беру: өзекті мәселелер, жетістіктері мен инновациялары | Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция |
2 | Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың факторлары және оны алдын алу шаралары | Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция |
3 | Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өткізу саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу | Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция |
4 | Есірткіге «Жол жоқ»! | Акция |
Келешектік зерттеулер
№ | Атауы | Мерзімі |
1 | Жол көлік оқиғаларының себептері мен жағдайларын талдау (Ақтөбе облысының мысалында) | 2024 |
Байланыс мәліметтері
№ | Атауы | Телефон, адрес |
1 | ҚР ІІМ АЗИ кезекші бөлімі | +7(7132) 98-80-37 |
2 | Электрондық пошта | nic_aui@mail.ru |
Ғылыми-зерттеу орталығының ұжымы
«Есірткі және психотроптық заттарды заңсыз
өткізу саласындағы құқықбұзушылықтардың
алдын алу» тақырыбында өткен
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
(2023 жылғы 29қыркүйек)
«Қазақстан Республикасындағы құқықбұзушылықтарды проблемалық бағдарланған талдау: заманауи әдістер мен технологиялар тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
(2023 жылғы 27 қазан)
Ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау мақсатында
«Ақтөбе» телеарнасындағы диалог
Ғылыми зерттеу орталығы қызметкерлерінің
атсалысуымен жарық көрген ғылыми басылымдар