Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ғылыми-зерттеу орталығы

22.12.2022

Ғылыми – зерттеу орталығы (бұдан әрі – ҒЗО) – бұл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының (бұдан әрі – Институт) құрылымдық бөлімшесі.

Оның негізгі міндеті: Қазақстан қылмыстың алдын алу және онымен күресу жағдайын жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әкімшілік-құқықтық және өзге де қызметінің өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу болып табылады.

ҒЗО негізгі міндеттері болып табылады:

– Ішкі істер органдары қызметінің өзекті әкімшілік-құқықтық мәселелері бойынша іргелі, іздестіру және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

 – Мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып, іске асырылып жатқан бағдарламалар аясында шешілуі қажет маңызды проблемалардың тізбесі бойынша бастамашылық ұсыныстарды, сондай-ақ ішкі органдардың қызметінің соңғы нәтижелерін жақсартуға бағытталған ғылыми ұйымдарының конкурстық негізде жүзеге асыратын инновациялық жобаларын қарастыру;

– Әкімшілік сот ісін жүргізудің өзекті күрделі мәселелерін әзірлеу, заңнаманы және ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру;

ҒЗО штаттық құрамы келесі бөлімшелерден тұрады:

1) бастық – 1;

2) аға ғылыми қызметкер – 2;

3) ғылыми қызметкер – 2.