Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімі

22.12.2022

Ғылыми-зерттеу және редакциялық баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметі профессорлық-оқытушылық құрамның және курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға бағытталған. 2010 жылдың мамыр айынан бастап институт тарихынан орын алған бөлімнің қызметіне қазіргі таңда заң ғылымдарының магистрі полиция подполковнигі Мұрат Даулетбайұлы Тулешев басшылық жасауда.

Сонымен қатар, бөлімде ғылыми қызметкер – заң ғылымдарының магистрі полиция майоры Ш.У. Смагулова, бөлім редакторы – гуманитарлық ғылымдар магистрі Г.Н. Бердіғалиева, корректор – А.А. Аманбаева  жұмыс жасайды. Бөлім ұжымы шығармашыл, бастамашыл,  әр қызметкердің жеке идеялары мен дарындарын бағалай біледі және бір-біріне құрметпен қарайды. Институттың ғылыми-зерттеу қызметі оқу үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылады және оның қорытындысы бойынша іздестіру зерттеулерінің нәтижелері ІІО-ның практикалық қызметіне енгізіледі.

Оқыту сапасын арттыру мақсатында институттың профессорлық-оқытушылық құрамы монографиялар, оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар әзірлейді, оқу-әдістемелік жиындар мен конференцияларға қатысу үшін баяндамалар дайындайды. Практикалық сабақтарды өткізу барысында тренингтер, іскерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, ситуациялық есептерді шығару белсенді қолданылып, ішкі істер органдарының практикалық қызметкерлері шақырылады.

2013 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жоспарына сәйкес оқу процесінде пайдаланылатын 185 – оқу-әдістемелік ұсынымдар, оқу құралдары және ғылыми еңбектердің жинақтары әзірленіп, оқу процесі мен практикаға енгізілді. Институттың профессорлық-оқытушылық құрамымен әзірленген оқу-әдістемелік құжаттама жоғары оқу орындарының оқу процесіне табысты енгізілуде, бұған жоғары оқу орындары мен практикалық органдардан алынған 264 енгізу актісі дәлел бола алады. Профессор-оқытушылар құрамы 931 ғылыми мақала мен 102 баяндама дайындады, сонымен қатар, профессорлық-оқытушылар құрамы мен курсанттар 283-тен астам көшпелі ғылыми конференцияларға қатысты.

Жыл сайын институт базасында халықаралық, ведомствоаралық, жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-практикалық және ғылыми-теориялық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар, сондай-ақ Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын жариялау бойынша конференциялар өткізіледі, оған қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының курсанттары, магистранттары, докторанттары, адъюнкттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысады.

Біздің институттың профессорлық-оқытушылық құрамы нақты бағыттар бойынша жұмыс жасауда, олардың тапсырыс берушілері аумақтық органдар (Қазақстан Республикасы ІІМ, Департаменттер, комитеттер) болып табылады. Сегіз жыл ішінде біздің институт Қазақстан Республикасы ІІМ тапсырысы бойынша 24 іздеу тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Зерттеудің барысы– тақырып бойынша материалдарды талдау, ғылыми ұйымдар, оқу үдерісін ұйымдастыру, зерттеу қызметін жүргізу, материалдарды дайындау, қорытындысы бойынша оқу құралдары мен әдебиеттерді басып шығару.

Болашақ ІІО қызметкерлерін даярлау сапасы – біздің институттың әрбір басшысы мен оқытушысының басты міндеті. Институтта жоспарлы ғылыми жұмыстар жүргізуге курсанттар тартылады. СҒЗЖ тыңдаушысының (курсантының) ғылыми-зерттеу жұмысы – оқытылатын пәндер бойынша білімдерін тереңдету мақсатында құрылған ғылыми үйірмелер жұмысы арқылы өз бетінше дағдыларға баулу, талдау қабілетін қалыптастыру.Қазіргі таңда институтта «Сақшы», «Криминалист», «Заңгер», «Дорожная азбука», «Заңгер-психолог», «Мерген» үйірмелері және «Футбол», «Волейбол» секциялары құрылды. «Самбо» және «Мерген» үйірмелері жұмыс жасауда.

Ғылыми-зерттеу және редакциялық баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшылығымен жыл сайын институт курсанттары арасында үздік ғылыми жұмысқа конкурстар, сондай-ақ республиканың ведомстволық және өзге де жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында Қазақстан Республикасының әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын білуге арналған республикалық олимпиадалар өткізіледі, олардың нәтижелері бойынша Институт курсанттары бірінші жүлделі орындарға ие болуда.

Осы жылдар ішінде, Институт басшылығымен Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен, жоғары оқу орындарымен, сонымен қатар, шет мемлекеттердің осындай мекемелерімен шығармашылық ынтымақтастықты нығайту бойынша шаралар қабылданды. Нақтырақ айтқанда, Ресей Федерациясы ІІМ Волгоград академиясымен;Әзірбайжан Республикасы ІІМ полиция Академиясымен; Беларусь Республикасы ІІМ Академиясымен, Қырғыз Республикасы ІІМ генерал-майор Э.А.Алиев атындағы Академиямен, Бішкек қаласы Қырғыз-Ресей Славян университетімен, Ресей Федерациясы Омбы Академиясымен; Ресей Федерациясы ІІМ Орал заң институтымен; Ресей Федерациясы Орынбор мемлекеттік университетімен; Беларусь Республикасы ІІМ Академиясымен, Ресей ІІМ Краснодар университетімен, Ресей ІІМ Воронеж институтымен, Ресей ІІМ Шығыс-Сібір институтымен, Ресей ІІМ И.Д. Путилин атындағы Белгород заң институтымен, Ресей ІІМ Қиыр Шығыс заң институтымен, Ресей Федерациясы ІІМ В.В. Лукьянов атындағы Орлов заң институтымен, Ресей Федерациясы ІІМ Уфа заң институтымен, Ресей ІІМ Барнауыл заң институтымен, Ресей ІІМ Жазаларды орындау федералдық қызметінің Пермь институтымен, Ресей ІІМ Қазан заң институтымен, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен, Мәскеу қаласы халықаралық заң институтымен, Ресей ІІМ Казан заң институтымен, Ресей ІІМ В.Я. Кикотя атындағы Мәскеу университетімен халықаралық ынтымақтастық туралы білім беру және ғылыми қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаларға қол қойылды.