Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

2.06.2024

2024 жылғы 27 мамыр күні Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында білім алып жүрген біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларына «ІІО-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы филиалының басшысы А.С.Мустафинаның қатысуымен кездесу өтті.
Кездесудегі басты мақсат -еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы оң жұмыс тәжірибесі және жаңа идеялармен пікір алмасу.
Егемен Қазақстан үшін өзекті тақырыпқа арналған кездесу барысында тыңдаушылармен сенімді диалог қалыптасып, сұрақтар қойылды.Кәсіби маманмен осындай кездесулердің өткізілуі полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Жалпы заң пәндері кафедрасы