Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ШЫҒАРМА ЖАЗУ КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

12.06.2023

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бейбіт өмірдің күзетінде тұрған полиция қызметкерлерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында, Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының кадеттері арасында «Полиция бізді қорғайды!», «Мен полицей боламын!» тақырыбына шығарма байқауы жарияланған. Шығарма байқауына 80-ге жуық кадет оқушылары қатысты. Әділқазылардың шешімі бойынша үздік деп танылған кадеттердің шығармалары институт тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталды және естелік сыйлықтар табысталды.