Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығы

22.12.2022

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылдың  11 қарашасында № 975 бұйрығымен институтта Тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша мамандарды даярлау орталығы құрылды. Орталықты педагогика ғылымының кандидаты полиция полковнигі Саттарова Альфия Фаритовна басқарады. Орталықта учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері оқиды. Орталықта сабақтарды институт кафедраларының бастықтары, олардың орынбасарлары, профессорлар мен доценттер өткізеді. Сабақтардың жекелеген түрлерін өткізу үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институтының басшылығы тартылады. Комитетінің және департаменттерінің басшылары, сондай-ақ  жетекші ғалымдар, ведомстволық және өзге де жоғары оқу орындарының ғылыми-педагог қызметкерлері, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың басшы құрамының өкілдері, құқық қорғау органдарының ардагерлері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы саласындағы мамандар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда және тәртіппен шетелдік сарапшылар қатысты. Білім алушылар қоғамның және құқық қорғау органдары қызметінің өзекті мәселелерінің әртүрлі аспектілерін зерделейді: отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық ұғымы және түрлері; отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға ықпал ететін себептер мен факторлар; отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға қатысушылар мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктері; гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу; кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау себептері; адамдардың психологиялық ерекшеліктері. кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасауға бейім, сондай-ақ Балаларды қатыгездікпен қарауға, балалар мен жасөспірімдерге қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға кінәлі адамдарды анықтау; учаскелік полиция инспекторларының және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының алдын алу жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары; ІІО-ның қоғамдық құралымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы және т. б. Білім алушылармен құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы заңнаманы және ведомстволық нұсқаулықтарды жетілдіру, сондай-ақ қызметтік іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланады. Практикалық сабақтар мен тренингтерге қатыса отырып, білім алушылар азаматтардың әртүрлі санаттарымен психологиялық байланыс орнату, оң психологиялық әсер ету, зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету және көмек көрсету, халықты құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыру, әкімшілік участке тұрғындарымен сенімді қарым-қатынас құру бойынша біліктері мен дағдыларын дамытады.