Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Үлгерім және алдағы қорытынды бақылауға дайындық мәселелері бойынша алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушыларымен жиналыс өтті

16.09.2023

16 қыркүйек күні Институттың алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларымен институт бастығының орынбасары полиция полковнигі С.И. Каракушевтің бастамасымен, кәсіби даярлық факультеті, кафедра бастықтары және мониторинг қызметкерлерімен кездесу жүзеге асырылды. Кездесудің мақсаты оқу үрдісін жетілдіру, оқу сабақтарының барлық түрлерін барынша меңгеру, өтем жасау жағдайын, қорытынды бақылау өткізу тәртібі мен кестесін жеткізу және талқылау. Оқу үрдісі күн тәртібін қатаң ұстану, олардың бұзылуына жол бермеу сұрақтары талқыланды.