Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш

28.05.2024

Биыл қазақтың ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл.

Осыған орай, институттың ішкі коммуникациялар бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Сәкен –сыршыл ақын»атты әдеби- танымдық кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты-Қазақстанның тарихында абыройлы орын алатын Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақынның өз заманындағы саяси-қоғамдық көзқарасын таныту, жастарды  отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Кеште Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны мен еңбектері таныстырылды.Тыңдаушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, әсем ән де шырқалды. Сәкеннің сұлу өрелі жырлары ғасырлар өткен сайын ұрпақтар санасында жатталып, кеудедегі Отанға, елге деген сүйіспеншілікті оятып, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгерқоспақ. Шараға қатысушылар ақын жырларымен сусындап, мол рухани азық алды.