22.12.2022
Инновациялық технологиялар және оқытудың техникалық құралдары бөлімі институт бөлімшелерінің қызметін техникалық және телекоммуникациялық сүйемелдеу, олардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында құрылған.
Бөлімді полиция майоры Азамат Бітімбайұлы Төлеумұхамбетов, аға инспектор полиция майоры Саламат Богдавлетович Нұржанов, инженер-бағдарламашы полиция аға лейтенанты Марат Сисенғалиұлы Мақашев басқарады.
Бөлімнің негізгі міндеті күндізгі оқу және кәсіби, қосымша оқыту факультеттерінің оқу процесін техникалық жабдықтауды ұйымдастыру, сондай-ақ институтта жұмыс істейтін “Платон” автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдалануға әдістемелік және техникалық көмек көрсету болып табылады.