Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу-әдістемелік орталық

22.12.2022

Оқу-әдістемелік орталық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Орталықтың жұмысы оқу үдерісін жоспарлауға және ұйымдастыруға; факультеттердің, кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысын және институттың оқу-әдістемелік кеңесінің жұмысын үйлестіруге; оқытудың инновациялық нысандары мен белсенді әдістерін игеру және таратуды ұйымдастыруға; профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Оқу-әдістемелік орталықты полиция полковнигі Чупринюк Наталья Александровна басқарады.

Оқу-әдістемелік орталық келесі құрамда өз қызметін жүзеге асырады:

1) оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесі:

бөлімше бастығы, әрі орталық бастығының орынбасары полиция подполковнигі Галиуллина Айнур Сериковна;

аға оқытушы-әдіскер полиция майоры Ибыжанова Гаухар Бейсенбаевна;

оқытушы-әдіскер Тулеуов Дуйсенкул Тулеуович;

2) білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі:

бөлімше бастығы, полиция подполковнигі Левченкова Алена Николаевна;

аға оқытушы-әдіскер полиция подполковнигі Толепберген Орынбек Сапарбекұлы;

оқытушы-әдіскер полиция майоры Габдыгалиев Ернар Сабитович;

3) қашықтан оқыту тобы:

аға оқытушы-әдіскер полиция подполковнигі Назарбаева Сандугаш Гадиловна