Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу-саптық бөлінісі

22.12.2022

Оқу-саптық бөлімі жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделері үшін қызмет ету, Отанға деген шексіз адалдық, институт аумағын күзету мен қорғауды қамтамасыз ету, құқық қорғау органдары офицерінің кәсіби сенімін қалыптастырады.

Институт бастығының саптық бөлім бойынша көмекшісі, полиция майоры Елтаев Шыңғыс Тайтайұлы болып табылады, оның құрамына азаматтық қорғаныстың саптық, жұмылдыру жұмыстарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, институттың тұрақты және ауыспалы құрамының жауынгерлік, дене шынықтыру және тактикалық даярлығын ұйымдастыру кіреді. Саптық бөлімнің үйлесімді және мақсатты жұмысының нәтижесінде офицерлердің ширығуын, оқу орнының курсанттары мен офицерлерінің саптық жаттығуын атап өткен жөн.

Институт бастығының көмекшісі оқу-саптық бөлімінің (курстардың), кезекші бөлімнің, сондай-ақ бақылау-өткізу пунктінің қызметіне жетекшілік етеді.

Оқу-саптық бөлімі курсанттарды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуден бастап, олардың бос уақытын, тыныс-тіршілігін тиімді ұйымдастыру басты функциялардың бірі.

Бүкіл оқу кезеңінде казарма курсанттардың екінші үйіне айналады. Курс бастығы, оның орынбасарлары мен старшиналар курсанттардың қамқоршысы болып кетеді. Олар тәлімгер, тәжірибелі педагог, өз ісінің кәсіби маманы.

Курстық бөлім офицері — қызмет түрі бойынша ең қажетті қасиеттерді біріктіретін, өзінің жеке құрамына еліктеуге арналған эталон — бұл, ең алдымен, қамқор әке, тәжірибелі психолог, байсалды әңгімелесуші.

Курсанттар мен тыңдаушылар оқумен қатар күн сайын оқу орнының өмірлік маңызы бар объектілерін күзету және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі ішкі қызметті өткереді, оларға бекітіліп берілген аумақтарды тұрақты түрде жинап, тазалығын қадағалайды, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысады, қала, облыс және республика ауқымындағы барлық спорттық және мәдени іс-шараларға қатысады.

Бүгінгі таңда оқу-саптық бөлім штатында 12 қызметкер жұмыс атқарады: курс басшылары полиция полковнигі М.Ешманов, полиция майоры Е.Қасымов және полиция майоры Н.Нұрманбетов, курс бастығының орынбасарлары полиция майорлары Р.Рақышев, С.Оразғалиев, полиция капитаны Ш.Жармаханов, полиция капитаны Б.Елеусізов, курс старшинасы полиция аға сержанты Е.Боранқұлов.