22.12.2022
Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 11 қарашадағы «Ұйымдастыру-штаттық өзгерістер туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру» кафедрасы құрылды.
Аталған кафедра біздің институтымыздың негізгі оқу құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады және келесі жұмыс түрлерін жүзеге асырады:
– білім беру,
– оқу-әдістемелік,
– ғылыми зерттеу,
– тәрбиелік.
Көлік объектілеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының жұмысы жоғары білім беруді, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді, алғашқы кәсіптік даярлық курстарын оқытуды, мамандардың біліктілігін және оларды қайта даярлауды қамтиды. Сонымен қатар кафедра аталған бағыттар бойынша сапалы білім беруді арнайы әзірленген бағдарламалардың мазмұнына сәйкес алғашқы кәсіптік даярлық курстарының тыңдаушыларын оқытуды, мамандардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды көздейді.
Кафедраның мақсаттары:
– Бейінді пәндерді оқыту,
– Оқу үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуд,
– Жаңа білім беру технологияларын, әдістері мен нысандарын енгізу,
– Ішкі істер органдары және басқа да құқық қорғау органдарының қызметінің практикалық тәжірибесін оқу процесінде пайдалану.
Кафедраның негізгі міндеттері: кафедрада бекітілген пәндер бойынша оқытуды жүзеге асыру; ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау; оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету; жаңа білім беру технологияларын, әдістері мен оқыту нысандарын өңдеу; ішкі істер органдары және басқа да құқық қорғау органдарының қызметінің практикалық тәжірибесін оқу процесінде пайдалану.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы әрқашан жоғары деңгейдегі теориялық және практикалық дайындығымен ерекшеленді.
Қазіргі таңда көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының бастығы – полиция подполковнигі Сахарбай А.; Кафедра қызметкерлері – кафедра бастығының орынбасары полиция подполковнигі Губайдуллин Ж., кафедра доценті – полиция полковнигі Сарбаев С.,; кафедраның аға оқытушылары – полиция майоры Алдияров Е.Т., полиция майоры Мырзабаева Д.Р., полиция подполковнигі Байгазин А.С.; Кафедра оқытушылары – полиция капитаны Салауатқызы Қ., полиция лейтенанты Балмағамбетов Б.; кабинет бастығы – полиция лейтенанты Айбергенов А.
Сонымен қатар кафедра көлік объектілеріндегі қауіпсіздік саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ал олардың нәтижелерін оқу үдерісіне, ішкі істер органдарының заң шығармашылық және тәжірибелік қызметтеріне енгізеді. Оған қоса тыңдаушылар мен курсанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлек көңіл бөледі. Жыл сайын курсанттар халықаралық, республикалық деңгейлерде және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының оқу орындары мен басқа да жоғары оқу орындары арасында өткізілетін ғылыми-теориялық, практикалық конференцияларға белсене қатысады.