Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасы

22.12.2022

          Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 жылғы №975 бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасын қайта ұйымдастырып,оның базасында Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасы құрылды. Қазіргі уақытта КПДжІІО басқару кафедрасы ғылыми және білім беру қызметінде маңызды рөл атқарады. Оның құрамында 6 адам қызмет атқарады. Кафедра бастығының міндетін атқарушы доцент полиция подполковнигі Көлбаев Сәкен Базарбекұлы, аға оқытушылар — полиция подполковнигі Салимов Алмат Абатұлы, полиция подполковнигі Сагынтаева Асель Айдосқызы, полиция подполковнигі Мендибаева Сания Аманжолқызы, кафедра оқытушылары — полиция капитаны Такетова Кенже Дүйсенбекқызы, полиция аға лейтенанты Шамғанова Ақмарал Ерболатқызы.

Кафедра күндізгі оқыту курстарында оқу процесін қамтамасыз етуге, алғашқы кәсіби дайындыққа, сондай-ақ біліктілікті арттыруға белсенді қатысады. Ғылыми зерттеу жұмысы аясында кафедра «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің психологиялық бейімделуі» (Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарына қатардағы, кіші және орта құрамдағы лауазымдарға алғаш рет қабылданушылар үшін бастапқы кәсіптік даярлық аясында) тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу негізінде  «ІІО қызметкерлерінің психологиялық бейімделуі» тақырыбы бойынша іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Осы ғылыми зерттеуді жүргізу үшін кафедра қызметкерлері алғашқы кәсіби дайындық тыңдаушыларымен  және қыз полицейлерді кәсіби қызметке бейімдеудің кейбір мәселелері» тақырыптарында кездесулер сондай-ақ ҚАЖ, ЖПҚ, ЖПБ,  аумақтық бөлімшелерінің психология мамандарының қатысумен дөңгелек үстел өткізіледі. Институт  тыңдаушылары мен кадр қайта дайындау үшін кафедрада «Заңгер психолог» ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Ғылыми үйірменің негізгі міндеттері заң психологиясы бойынша білімді кеңейту, арнайы біліктер мен дағдыларды дамыту болып табылады, бұл жалпы ІІО практикалық бөлімшелерінің болашақ қызметкерлерінің кәсіби қалыптасуына, лайықты ант қабылдайтын, жауапты және адал атқаратын мамандардың қызметтік борышын қалыптастыруға ықпал етеді. Үйірме отырысында психо-тренингтер курсанттар мен тыңдаушылардың өзін-өзі тануына және өзін өзі дамытуына, оқу ұжымын біріктіруге, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, серіктестікке, өзара қолдауға ықпал етеді. 2023 жылы кафедра оқытушыларының күшімен «Халықтың өзара іс-қимылына сервистік тәсілдерді енгізу арқылы полицияға деген сенімді арттыру» тақырыбы бойынша, сондай-ақ оқу пәндерін қамтамасыз ету мақсатында мәлімделген тақырып бойынша оқу-әдістемелік құрал шығару жұмысы жоспарлануда. Кафедра қызметкерлерімен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Ақтөбе облысы бойынша мекемелерінде терроризм және діни экстремизм идеологияларын ұстанатын сотталғандарды радикалды көзқарастан арылту бағдарламасы бойынша идеологиялық бағыттағы дәрістер өткізіледі. ІІМ құрылымдық бөлімшелерінде «Сөйлеу мәдениеті» және «Сөйлеу өнері» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізіледі. Кафедра қойылған оқу-тәрбие міндеттерін орындай отырып институттың қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосады.