22.12.2022
Институт кітапханасын Зинегүл Нұртайқызы Қарасаева басқарады, кітапханашы Сәуле Оразбекқызы Джабасовамен бірге қызмет атқарады.
Қазіргі таңда кітапхана қорында 56193 дана кітап қоры бар. Оқу процесін қамтамасыз етуге, кітаптар қорын сақтап және қолдануға жағдай жасалған. Оның 14592 данасы мемлекеттік тілде. Соңғы жылдары кітапхана 520 дана кітап қорымен толықты, оның ішінде 312-сі мемлекеттік тілде.
Кітапхана қорын толықтыру үшін кітап баспаларына тапсырыс беру арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ институттың профессорлық-оқытушылық құрамы да айтарлықтай үлес қосады.
Институт кітапханасының пайдаланушыларына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орыс тіліндегі “Заң” нормативтік құқықтық актілерінің» толық спектрін құрайтын автоматтандырылған жүйеде және ай сайын жаңартылып отыратын электронды базамен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.
Институт зертханасы қажетті интернет-ресурстарымен қамтамасыз етілген, кітапханада”Wi-Fi”интернет желісі жұмыс істейді.
2016 жылдың маусым айында кітапхана қорын толықтыру және өңдеу процесін толық автоматтандыру және жүйелендіруге, электрондық каталогтар базасын құруға және ақпарат іздеуді қамтамасыз етуге арналған “КАБИС” бағдарламалық жасақтамасы (электрондық кітапхана) енгізілді.
Сондай-ақ институт 2018 жылдан бастап Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапханамен (РМЭБ) жұмыс істейді.
Негізгі қордағы оқулықтар оқу орнының курсанттары мен тыңдаушыларының мамандануына және заңды бағытқа сәйкес.
Кітапхананың жалпы оқу залында 48 орын бар, оқытушылар құрамы мен курсанттарға өз бетінше дайындалу үшін әдебиеттер мен мерзімді басылымдар беріледі. Оқу барысында институттың оқытушылары мен курсанттары интернет желісіне қосылған компьютерлерді пайдалана алады.
Оқу залында әр түрлі іс-шаралар, кітап көрмелеріне, келіп түскен әдебиеттерге библиографиялық шолулар жүргізіледі.
Абонемент бөлімі жылына көптеген оқырмандарға қызмет көрсетеді: (курсанттар, тыңдаушылар, профессорлық-оқытушылық құрам және институт қызметкерлері). Мұнда оқу орнының барлық пайдаланушылары кітап қорының жеткілікті болуына байланысты семестр, ай, апта және басқа мерзімдерге қарамастан қажетті әдебиеттерді ала алады. Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын ұйымдастыру және жүргізу, әдебиеттерді, мерзімді баспасөзді өңдеу бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі.
Институттың кітап қорынан басқа, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап кітапханасы, «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АҚ Ақтөбе филиалымен екіжақты келісімдер жасалған,институттың жеке құрамына қаланың жетекші кітапханаларының кітап қорын пайдалануға мүмкіндік берілді.
Кітапхананың даму келешегіне кітап қорын мемлекеттік тілде толықтыру кіреді.