Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Кезекші бөлімі

22.12.2022

Кезекші бөлім өзінің күнделікті қызметінде әртүрлі бағыттарда: тәуліктік наряд адамдарын бақылауды, ішкі тәртіпті және өткізу режимін қамтамасыз етуді, иеліктегі күштерді, құралдарды жедел басқаруды жүзеге асыратын оқу орнының маңызды бөлімшесі болып табылады.         

Қазіргі уақытта кезекші бөлімді полиция подполковнигі А.Жұмақұлов басқарады, сондай-ақ штаттық қызметкерлер қатарында полиция майоры С.Қалиев, Д.Дулдилов, Н.Сәлімгерей, полиция капитаны П.Ермағанбетов, полиция старшиналары Ж.Қарасаев, А.Ысқақов, полиция сержанты А.Кенжалы жұмыс істейді.

«ҚР ІІМ ААИ кезекші бөлімінің жұмысын ұйымдастыру» ҚР ІІМ-нің 17.07.2014 жылғы № 439 бұйрығының, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің, институт Жарғысының, институт регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.         

Кезекші бөлімнің негізгі міндеттері: 

1) институт аумағындағы жағдай туралы ақпаратты жинау, өңдеу, институт басшылығына баяндау; 

2) қару-жарақтың, арнайы құралдардың, қызметтік құжаттаманың және кезекші бөлім есебінде тұрған басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз ету; 

3) институттың әкімшілік ғимараттары мен бекітілген аумағын күзетуді қамтамасыз ету; 

4) бақылау-өткізу пунктінде өткізу режимін, автокөлік құралдары институтының аумағына кіруді (шығуды) бақылауды қамтамасыз ету; 

5) білім алушылар мен командалық-оқытушылық құрам қатарынан кезекші нарядтың қызмет өткеруіне, сондай-ақ оларға жүктелген міндеттердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру; 

6) төтенше (дағдарыстық) жағдайлар кезінде институттың жеке құрамын жедел басқаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ тапсырылған іс-шаралардың орындалуын бақылау; 

7) институт басшылығына және жоғары тұрған инстанцияларға арнайы жедел жоспар мен дайындық дәрежелері бойынша міндеттерді енгізу және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; 

8) институт басшылығын, Ақтөбе қ. ЖББО-ның аумағында болған төтенше оқиғалар туралы дереу хабардар ету.          

Кезекші бөлімнің қағидаттары: 

Жоғары жауынгерлік әзірлік, жеделділік, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау, Нормативтік құқықтық актілер талаптарын нақты орындау, құпиялық режимін сақтау, институт қызметкерлері мен азаматтарға сыпайылық және әдептілік қарым-қатынасы.