Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісін реттейтін заңнамасын білу деңгейіне тексеру жүргізу

30.12.2021

2020-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын дамытудың Перспективалық жоспарын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби білім мен құзыреттілігін жетілдіру мақсатында, 2021 жылғы 29 желтоқсанда институт бастығының орынбасары, полиция майоры Ерлан Қуанышұлы Балымовтың басшылығымен Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісін реттейтін заңнамасын білу деңгейіне тексеру жүргізілді.