30.05.2026
2026 жылғы 28-30 мамыр аралығында Қостанай облысы, Лисаковск қаласында жауынгерлік және спорттық самбодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Республикалық деңгейдегі жарысқа еліміздің 17 өңірінен 800-ге жуық спортшы қатысып, жүлделі орындар үшін бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары жүлделі орындарға ие болды:
Спорттық самбодан:
72 келі салмақ дәрежесінде 3-орын алып, қола медаль иеленген 2 курс 204 оқу тобының курсанты Байтемір Перизат марапатталды.
+80 келі салмақ дәрежесінде 3-орын алып, қола медаль иеленген 1-курс 104 оқу тобының курсанты Бекберген Нұргүл марапатталды.
Жауынгерлік самбодан:
59 келі салмақ дәрежесінде 3-орын алып, қола медаль иеленген 2 курс 203 оқу тобының курсанты Сүйенғалиева Айдана марапатталды.
+98 салмақ дәрежесінде 3-орын алып, қола медаль иеленген 2 курс 202 оқу тобының курсанты Байтурин Рамазан марапатталды.
Курсанттарды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – институттың дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Сейтимова Анара Серікқызы.











