Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жауынгерлік және спорттық самбодан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты.

30.05.2026

2026 жылғы 28-30 мамыр аралығында Қостанай облысы, Лисаковск қаласында жауынгерлік және спорттық самбодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Республикалық деңгейдегі жарысқа еліміздің 17 өңірінен 800-ге жуық спортшы қатысып, жүлделі орындар үшін бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары жүлделі орындарға ие болды:

Спорттық самбодан:

72 келі салмақ дәрежесінде  3-орын алып, қола медаль иеленген 2 курс 204 оқу тобының  курсанты Байтемір Перизат марапатталды.

+80 келі салмақ дәрежесінде 3-орын алып, қола медаль иеленген 1-курс 104 оқу тобының курсанты Бекберген Нұргүл марапатталды.

Жауынгерлік самбодан:

59 келі салмақ дәрежесінде 3-орын алып, қола медаль иеленген 2 курс 203 оқу тобының  курсанты Сүйенғалиева Айдана марапатталды.

+98 салмақ дәрежесінде 3-орын алып, қола медаль иеленген 2 курс 202 оқу тобының  курсанты Байтурин Рамазан марапатталды.

Курсанттарды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – институттың дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Сейтимова Анара Серікқызы.