8.05.2026
08.05.2026 ж. ғылыми үйірме жоспарына сәйкес қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы «Тергеуге курсанттардың көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға Институттың ғылыми үйірмелерінің құрамындағы 1 және 2 курс курсанттары қатысты. Ғылыми үйірме мүшелері тақырып бойынша баяндамалар жасап, талқылауға белсенді қатысты.
Кездесу белсенді әрі қызықты өтті. Іс-шара соңында ғылыми үйірме жетекшісі, полиция подполковнигі А.Длимов қорытынды жасап, өз пікірімен бөлісті.












