18.09.2017
2017 жылғы 16 қыркүйегінде «Денсаулық күніне» орай, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ауыспалы құрамы арасында сағат 06.30-да және тұрақты құрам арасында 09.00-де дене қыздыруға арналған таңғы жаттығулары өтті.
Дене қыздыру жаттығуларын ауыспалы құрам арасында әскери және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушылары полиция аға лейтенанты Қаирбайұлы Жарас Қаирбаев және полиция сержанты Нұрланұлы Онболсын Изтлеуов, ал тұрақты құрамға келетін болсақ, кафедра аға оқытушысы полиция майоры Асылбекұлы Асыланбек Мергалиев өткізді.
Аталған іс-шара, ағзаның әржақты физикалық үйлесімді дамуын, денсаулықты нығайтуды, дұрыс тұрақтылықты дамыту және тыныс алу жүйесін әзірлеуді, сондай-ақ, жүрек-тамыр жүйесін жақсы жұмыс атқаруын, метаболизмді жақсарту және ағзаның өмірлік белсенділігін арттыру мақсатында болып келді.
Іс-шараға қатысушылар күні бойына таңғы жадыраңқы көніл-күй алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев
атындағы Ақтөбе заң институтының
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты Ж.Қ. Қаирбаев
Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев
атындағы Ақтөбе заң институтының
ӘжДШД кафедрасының оқытушысы
полиция сержанты О.Н.Изтлеуов