Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болған балаларға психологиялық қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

13.06.2026

«Заңгер-психолог» ғылыми үйірмесінің жоспарына сәйкес курсанттар арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болған балаларға психологиялық қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәсі болған балалардың психологиялық жай-күйіне назар аудару, олардың эмоционалдық жағдайындағы өзгерістерді түсіндіру, психологиялық қолдау көрсету жолдарын талқылау және болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аталған мәселеге қатысты кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

Дөңгелек үстел барысында ғылыми үйірме мүшелері, 1-курс курсанттары Жұбанов Диас, Ихсан Жангүлім және Терекбайқызы Айткүл өз баяндамаларын ұсынып, балалар психикасына зорлық-зомбылықтың тигізетін салдары, зардап шеккен балалармен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктері, оларды қолдау мен қорғаудың тиімді тетіктері жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Қатысушылар өзекті тақырып төңірегінде белсенді пікір алмасып, тәжірибелік ұсыныстарын білдірді. Мұндай іс-шаралар курсанттардың ғылыми ізденісін дамытуға, әлеуметтік маңызы жоғары мәселелерге бейжай қарамауға және болашақ кәсіби қызметте балалардың құқықтары мен психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.