15.05.2026
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 30 жылдық мерейтойы аясында институттың тұрақты құрамы арасында ұйымдастырылған шағын футбол жарысы өз мәресіне жетті.
Жарыстың мақсаты – институт қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, ұжымдық бірлікті нығайту, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби және моральдық-психологиялық дайындығын арттыру.
Мерейтой аясында ұйымдастырылған шағын футбол жарысы тартысты өтіп, нәтижесінде үздіктер анықталды. Жеңіске жеткен командаларды институт бастығы полиция полковнигі Ғ.М. Есболаев құттықтап, номинация иегерлерін Грамоталармен, ал жүлдегер командаларды дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жарыс қорытындысы бойынша келесі номинация иегерлері анықталды:
«Үздік қақпашы» – оқу-саптық бөлінісінің курс старшинасы, полиция кіші сержанты Қанатов Нұржан Қанатұлы;
«Үздік қорғаушы» – тылмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Трофимов Андрей Николаевич;
«Үздік шабуылшы» – оқу-саптық бөлінісінің курс старшинасы полиция кіші сержанты Бабаев Алишер Баходырович;
«Үздік ойыншы» – арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Алимжанов Ақұлан Төлешович.
Командалық есеп бойынша:
1-орын, жарыс жеңімпазы – «Арлан» командасы;
2-орын – «Тұлпар» командасы;
3-орын – «Қыран» командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!












