Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Слушатели ознакомились с подвигами героев

30.01.2023

Алғашқы кәсіби оқыту курстарының тыңдаушыларын туған өлкенің мәдени орындарымен таныстыру мақсатында курс жетекшісі полиция майоры Е.Қасымов пен курс бастығының орынбасары полиция майоры Р.Рақышев қалалық экскурсия ұйымдастырды. Алдымен облыстық тарихи-өлкетану музейін, одан кейін Кеңес Одағының Батыры облыстық мемориалдық мұражайын аралап, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың айбынды да әсем ескерткішіне жетті. Содан кейін батырлар аллеясына барды, онда полиция майоры Р.Рақышев Кеңес Одағының 46 батырының ерліктері туралы әңгімелеп берді. Қаланы аралап, Ұлы Отан соғысында Отаны үшін қаза тапқан ақтөбеліктерге арналған Даңқ ескерткішімен де таныстырды.

Курс жетекшілері оларға Ақтөбеден елін, жерін, сүйетін майданда өмір жолын берген ержүрек батырлар шыққанын зор мақтанышпен жеткізді.

«Бұл күн біз үшін керемет өтті! Әсем қала Ақтөбемен танысу жылы естеліктер мен жарқын эмоцияларға толы болды», – деп тыңдаушылар  өз әсерлерімен бөлісті.