Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

М. Бөкенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жеке құрам арасында волейболдан турнир өткізілді.

28.03.2024

Бүгін оқу ордамызда институтқа есімі берілген Кеңес Одағының батыры милиция подполковнигі М. Бөкенбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жеке құрам арасында волейболдан турнир өткізілді. Жарыс барысында командалар айналмалы жүйе бойынша сынға түсіп, жеңімпаз бен жүлдегерлердің есімдері анықталды.

Турнирдегі ойындар кезінде спорттық шеберлігімен көзге түскен қызметкерлер арнайы номинацияларға иелік етті. Атап айтсақ, “Үздік байланыстырушы” номинациясына институт бастығының орынбасары полиция полковнигі С. Каракушев, “Үздік қорғаушы” номинациясына арнайы тактикалық даярлық кафедрасының оқытушысы полиция майоры А. Алимжанов, “Үздік шабуылшы” номинациясына тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы А. Трофимов, “Үздік ойыншы” номинациясына біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің оқытушы-әдіскері полиция аға лейтенанты М. Айболатқызы лайық деп танылды.

Ал командалық нәтиже бойынша “Волейбол барыстары” үздік үштікке енсе, “Ақтөбе командасы” жүлделі 2 орынды иеленді. Турнир барысында барлық қарсыластарынан басым түскен “Батыс” командасы жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, медальдар және кубоктармен марапатталды.