Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ М.БӨКЕНБАЕВ

27.02.2024

Адамзат тарихында ұрпақ жадында өшпес із қалдырған оқиғалар бар. Сол маңызды оқиғалардың бірі кеңес халқының фашистік Германияны толық жеңуімен аяқталған Ұлы Отан соғысы.
1944 жылдың 21 шілдесінде Белорусс жерінде Малкеждар Бөкенбаев басшылық жасаған взвод биіктікті бағындырып, жаудың 102 жауынгерін тұтқынға алады. Қарсыластарына тағы екі рет жасалған шабуыл сәтті аяқталып, лейтенант Бөкенбаевтың өз басы осы шайқаста неміс офицерін атып өлтіріп, 5 жауынгерді тұтқынға алады. Фашистердің беті қайтып, артқа шегінеді.

Лейтенант Бөкенбаев ауыр жарақаттанады, бірақ жарақатына қарамастан, ол өзінің алдына қойған тапсырманы орындап, бөлімшенің қосымша күші келгенше взводына басшылық етіп, майдан даласынан кеткен жоқ.
Осы шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін лейтенант Малкеждар Бөкенбаевқа «Ленин ордені» мен «Алтын Жұлдыз» медалі табысталып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әрқайсымыз өз Отанымыздың тағдырына жауап береміз. Ол бәрімізде біреу ғана!». Ұлы Отан соғысы жылдарында оны қорғап және біз үшін сақтап қалған батырлар «Біздің есімізде! Біз мақтан тұтамыз! Біз ешқашан ұмытпаймыз!».

Малкеждар Бөкенбаев Кеңес әскері мен ішкі істер органында 31 жыл 5 ай 21 күн қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №1287 Қаулысымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институтына Кеңес Одағының Батыры Малкеджар Бөкенбаев есімі берілді.