Актюбинский юридический институт МВД Республики Казахстан им.Малкеджара Букенбаева

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыру, азаматтық қасиеттерге баулу, сонымен қатар кәсіптік бағдар беру мақсатында Институтта Қазақ-Орыс Халықаралық колледжі және “Рауан” көпсалалы колледжінің студенттеріне Ашық есік күні ұйымдастырылды.

29.04.2024

Шара студенттерге Институт тарихының таныстыруымен басталды. Экскурсия барысында тыңдаушылардың жатын орны, саптық алаңы, кримполигонды, институт мұражайы, медицина бөлімін, кітапхана, акт, спорт залдары көрсетіліп, сабақ кестесіне сай: атыс дайындығы, криминалистика, күрестің жауынгерлік тәсілдері сабақтарына қатыстырды.

Заманауи атыс, криминалистика құралдарымен, күрестің әдіс-тәсілдерімен танысып, білім мен білікті, спорттық дағдыларды қатар талап ететін мамандыққа студенттер үлкен қызығушылық танытты.