Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Оқу-әдістемелік орталық

Оқу-әдістемелік орталық Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Орталықтың жұмысы оқу үдерісін жоспарлауға және ұйымдастыруға; факультеттердің, кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысын және институттың оқу-әдістемелік кеңесінің жұмысын үйлестіруге; оқытудың инновациялық нысандары мен белсенді әдістерін игеру және таратуды ұйымдастыруға; профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби құзыреттілігін арттыру арқылы білім беру сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Орталықтың құрамына кіреді:

1) оқу процесін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімшесі (бұдан әрі – ОПҚҰб);

2) білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесі (бұдан әрі -ББСМжББ);

3) қашықтан оқыту тобы (бұдан әрі – ҚОТ).

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМШЕСІ

Орталықтың негізгі функциялары:

– оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

– оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

– білім беру және оқу-әдістемелік процесті регламенттейтін құжаттаманы әзірлеуге қатысу;

– оқу-әдістемелік сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру: оқу-әдістемелік жиындар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.;

– институттың профессорлық-оқытушылар құрамының ашық және көрнекі сабақтар өткізуін ұйымдастыру;

–  оқу-әдістемелік материалдарды дайындау бойынша бірыңғай талаптар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

– оқу процесін жоспарлауды ұйымдастыру;

– оқу процесін жоспарлауды ұйымдастыру;

– академиялық күнтізбені құру;

– оқу сабақтарының кестелерін құру;

– оқу жүктемесін жоспарлау мен есепке алуды бақылауды ұйымдастыру;

Институтының профессорлық-оқытушылық құрамымен өткізілген

ашық сабақтар

Оқу-әдістемелік кеңес отырысы

Институттың Оқу-әдістемелік кеңесі (әрі қарай-ОӘК) институт бастығының оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасарының жанындағы тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. ОӘКинститутта әдістемелік жұмыстың негізгі бағытын әзірлейді, факультеттердің, орталықтардың кафедралар мен әдістемелік жұмыс аумағында оқу процесіне қатысты басқа да құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттесуін үйлестіреді, сонымен қатар мамандар дайындау деңгейін арттыру мақсатында оқу процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің пекрспективалық бағыттарын енгізуге ықпал етеді.

ОӘКөз жұмысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің нормативтік құжаттарын, сонымен қатарИнституттың Жарғысын, «Оқу-әдістемелік кеңес» туралы Ережесін, Ғылыми кеңес шешімін, институт бастығының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады. ОӘК өкілеттігіне оқу-әдістемелік жұмыс саласында шешім дайындау кіреді.

Оқу-әдістемелік кеңес жұмысы

Оқу-әдістемелік кеңес жұмысының негізгі бағыты болып төмендегілер табылады:

• Институтта білім беру сапасын жетілдіру мақсатында оқу-әдістемелік жұмысты стратегиялық жоспарлау және үйлестіру.

• Институттағы оқу-әдістемелік жұмыстың сапасын мониторингілеу, талдау және бағалау.

• Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен ұсынылған нормативтік-әдістемелік  құжаттамаларымен факультеттерді, орталықтар мен кафедраларды қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

• Институттағы оқу-әдістемелік жұмысты ғылыми қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

• ӘАОО лицензиялауы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ішкі істер министрлігінің өткізетін іс-шараларын ұйымдастыру және өткізуге қатысу. 

• Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім проблемалары бойынша конференция, семинарлар мен жиналыстар өткізу.

Оқу-әдістемелік кеңес жұмысын ұйымдастыру

• ОӘК білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы институттың стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырылатын жылдық жоспарға сәйкес жұмыс жасайды.

• ОӘК жұмысын төраға, төраға болмағанда оның орынбасары басқарады. Төраға отырыста оқу-әдістемелік жұмыс бойынша сұрақтарды талқылау кезінде ОӘК ұсынады.

Оқу бөлімшелерінде оқу пәндерін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі қызметті кафедралардың жеті пәндік-әдістемелік комиссиялары іске асырады, олардың жұмысын да институттың оқу-әдістемелік орталығы үйлестіреді.

Педагогикалық шеберлік мектебіндегі сабақтарды өткізу мен ұйымдастыру

Педагогикалық өтілі үш жылдан аспайтын оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі орталықтың жұмысы «Педагогикалық шеберлік мектебі» шеңберінде жүзеге асырылады. Оның негізгі бағыттары: жаңа бастаған оқытушыларды оқыту әдістемесінің негіздеріне оқыту, оқу-әдістемелік жұмыс дағдыларын дамыту, оларға дәріс оқудың практикалық дағдыларын игеруге, оқытудың жаңа құралдарын пайдалануға жәрдемдесу болып табылады.

Орынбор мемлекеттік университеті мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру мақсатында, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы арасындағы академиялық ұтқырлық шеңберінде, 2023 жылдың 26 қазан күні Педагогикалық шеберлік мектебінің тыңдаушыларын үшін Орынбор мемлекеттік университетінің сот және прокурорлық-тергеу қызметін ұйымдастыру кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Максименко Елена Ивановна “ЕАЭО елдерінде заңгерлерді даярлаудың кәсіби талаптары мен педагогикалық әдістері” тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Оқу жылын дәстүрлі қорытындылау орталықтың институт факультеттерімен бірлесіп оқу-әдістемелік семинарлар, тренингтер, сондай-ақ «ЖОО үздік оқытушысы» және «Үздік оқу-әдістемелік материал» сайыстарын өткізу болып табылады.

31 қазанда психология және педагогика магистрі, әлеуметтік жобаларды үйлестіруші, журналист, отбасылық кеңесші Алия Урынгалиевна Турниязованың қатысуымен институттың оқытушылар құрамына арналған «Оқытушының кәсіби шеберлігінің төмендеуінің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар-тренингте кәсіби шеберліктің төмендеуінің белгілері мен себептері егжей-тегжейлі талданды, кәсіби шаршау синдромының даму кезеңдері қарастырылды, сондай-ақ қатысушылар эмоционалды шиеленісті жеңілдетудің және эмоционалды жағдайды өзін-өзі реттеудің жедел әдістерін қолдануға мүмкіндік алды.

«Үздік оқу-әдістемелік материал» сайысын ұйымдастыру және өткізу

«ЖОО үздік оқытушысы» сайысын ұйымдастыру және өткізу

«ЖОО үздік оқытушысы» атағын алу сайысы институттың профессорлық-оқытушылық құрамы (бұдан әрі – профессорлық-оқытушылық құрам) арасындағы кәсіби шеберлік бойынша жарыс болып табылады. Сайыстың мақсаты ПОҚ-тың кәсіптік-педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысының деңгейін көтеру, оқытушылардың әрі қарай кәсіби даму уәжін көтеру.

Сайысты өткізу тәртібі

Сайыс оқу жылының басынан бастап оқу жылының қорытындысын шығарумен кафедраның рейтингтік критерийлері бойынша өткізіледі.

Кафедра бастықтары рейтинг және ұжымдық шешім негізінде “ЖОО үздік оқытушысы”сайысына қатысатын үміткердің өтінімін береді:

1) “ЖОО-ның үздік оқытушысы” атағын беру сайысына қатысуға арналған нысан бойынша өтінім;

2) сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (рейтингке сәйкес);

3)жылдық жоспар-жұмыс кестесі (рейтингке сәйкес);

4) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

Бағалау критерийлеріне мыналар жатады:

1. Педагогикалық қызметі:

1.1 Оқу үрдісін ұйымдастыру және өткізу:

– ашық сабақтар;

– тәжірибелі қызметкерлерді тарту сабақтары;

– шығу сабақтары.

1.2 Жарияланған (басылымдар) оқу-әдістемелік материалдары (оқулық, анықтамалық, практикум).

1.3 Электронды оқулық басылымдарын жасау (оқулықтар, оқу бейнероликтері, бейне дәрістер, практикумдар)

 1.4 Авторлық бағдарламаны дайындау.

2. Ғылыми-зерттеу қызметі:

2.1 Ғылыми іс-шаралар бойынша баяндама оқу  (ғылыми, ғылыми-практикалық конференцияларда, семинарларда, дөңгелек үстелдерде);

2.2 Ереже шығару (заң шығару) жұмысына қатысу;

2.3 Ғылыми мақалаларды дайындау және басып шығару;

2.4 Шығарылым;

2.5 Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарына шолу;

2.6 ҒЗТКЖ нәтижелерін енгізу;

2.7 Ғылыми жетекшілік.

3. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау:

3.1 Біліктілікті арттыру курстарын немесе іссапарды аяқтау нәтижелері туралы көпшілік алдында есеп беру;

3.2 Оқу орындарында немесе ішкі істер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінде тағылымдамадан өту;

3.3 ІІО құрылымдық бөлімшелерінде заң жобаларын түсіндіру;

3.4 Тілдерді меңгеру деңгейі (мемлекеттік тіл, шет тілі).

4. Тәрбие жұмысы:

4.1 Полиция және қоғамдық құрылымдар жұмыстарын ұйымдастыру;

4.2 Қызметтік дайындық және ПШМ бойынша тұрақты құраммен сабақтар өткізу;

4.3 Имидждік сипаттағы ақпараттық-шолу материалдарын жариялау;

4.4 Спорттық іс-шараларға, мәдени және шығармашылық сайыстарға, турнирлер мен олимпиадаларға жеңімпаздарды дайындау.

Ең көп балл жинаған қатысушылар жеңімпаз болып табылады. Оқу-әдістемелік орталық балдарды есептеп, комиссияның қарауына ұсынады.

БІЛІМ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БӨЛІМШЕСІ

Бөлімшенің функцияларына мыналар кіреді:

  • академиялық топтар мен ағындарды қалыптастыру;
  • курсанттардың жеке оқу жоспарларын белгіленген тәртіппен тіркеу;
  •  курсанттардың академиялық рейтингісін есептеу;
  •  оқытудың академиялық кезеңі ішінде және оқудың барлық кезеңінде курсанттардың игерген кредиттерін есепке алу;
  • курсанттардың транскриптерін толтыру;
  •  курсанттардың үлгерімін ағымдағы бақылау, межелік бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
  •  оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес талдау және қорытындылау;
  •  академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру;
  • мониторинг үшін бақылау құралдарының (тест тапсырмаларының деректер банкі) және технологиялардың (тестілеу, сауалнама жүргізу жүйелері) қорын құру және білім сапасын бағалау;
  • аралық бақылау жүргізу технологиясының сақталуын бақылау;
  • курсанттарды аралық және қорытынды аттестаттау кезінде бақылау, сынақтар және емтихандар ;
  • мемлекеттік емтихан комиссияларының құрамын қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру, нәтижелерін талдау және олардың жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау;
  •  білім беру қызметін дамыту және курсанттардың үлгерімін арттыру бойынша ұсыныстар жинау;
  •  білім беру сапасының мониторингі мен бағалау құжаттамасын әзірлеу;
  •  оқытушыларға, курсанттарға, түлектерге сауалнама жүргізу;
  •  апта сайын кредиттік технология бойынша жеке және топтық рейтингтің қорытындысын шығару.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТОБЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2020 жылғы 29 мамырдағы №211 бұйрығымен берілген лицензияға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, қысқартылған оқу мерзімімен, ішкі істер органдарының жоғары заңгерлік емес білімі бар қызметкерлерін оқытуды жүзеге асырады.

Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру инновациялық және ақпараттық технологиялардың артықшылықтарын ұсына отырып, «білім алушылар үшін мүмкіндіктердің өсуі үшін жағдай жасау» деп жариялайтын қашықтықтан оқыту тобы миссиясына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы АЗИ-де қашықтықтан оқыту технологияларын құру және пайдалану мақсаттары: жұмыстан қол үзбей жоғары білім алуға мүмкіндік беретін оқытудың еңбек қызметінен бөлінбеуі болып табылады. Оқытудың тиімділігін арттыру, оған жаңа принциптерді, әдістерді және техникалық құралдарды қолдану арқылы қол жеткізіледі, оның ішінде интернет арқылы дәстүрлі емес оқу материалдарына қолжетімділік және т. б.

Институттың ақпараттық ресурстарының негізгі базасы білім беру порталы болып табылады (АИС Platonus). Білім беру порталы оқыту жүйесін басқарудағы негізгі ақпараттық орталық.

ҚОТ келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) қашықтықтан оқыту жүйелерінде қолдану үшін оқытушылар дайындаған оқу материалдарын бейімдеуді жүзеге асырады;

2) қашықтықтан оқыту жүйесінде бар білім беру материалдарын пайдаланудың тиімділігі мен әдістемелік деңгейін бақылауды жүзеге асырады;

3) бейнеконференциялар мен дәрістер өткізуге өтінімдер жинайды және қажетті аппараттық және бағдарламалық құралдарды таңдайды;

4) топтық және жеке бейнеконференцияларды дайындаумен және өткізумен айналысады;

5) қашықтықтан білім беру технологиялары тақырыбы бойынша институт сайтына білім алушылар, тыңдаушылар, оқытушылар, талапкерлер үшін материалдар дайындайды;

6) қолда бар білім беру материалдарын цифрлайды және Институттың электрондық ресурстар базасын толықтырады;

7) Инновациялық білім беру технологиялары мен ресурстарын пайдалану тиімділігін жетілдіреді және арттырады;

8) білім алушылардың, тыңдаушылар мен оқытушылардың қашықтықтан білім беру технологияларын меңгеруі бойынша әдістемелік құралдар мен бейнесабақтар әзірлейді;

9) қашықтықтан оқыту жүйесінің бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істеу бойынша Оқытушыларды, оның ішінде біліктілікті арттыруды және жаңадан қабылданған білім алушыларды оқытуды жүргізеді;

10) институттың білім беру үдерісінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану тиімділігін талдайды;

11) белгіленген қағидаларға және ОӘО ҚОТ жұмысының ішкі регламентіне сәйкес ағымдағы құжат айналымын (білім беру және ұйымдастырушылық) жүзеге асырады; білім алушыларды қабылдау бойынша қажетті іс-шараларды жүргізеді;

12) қашықтықтан оқыту жүйесін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастырады;;

13) институттың білім беру порталының ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

14) электрондық тестілеулер мен қашықтықтан кеңестер жүргізу мүмкіндігін береді; ;

15) қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім алушыларды аралық аттестаттау нәтижелерін талдау;

16) қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытушылар жұмысының тұрақты мониторингін жүзеге асыру.

Қашықтықтан оқыту тобықашықтықтан оқыту технологиялары негізінде оқу процесіне ААЖ Platonus– «Тапсырмалар» модулін енгізу бойынша жұмыс жүргізді.

«Тапсырмалар» модулі әртүрлі бақылау түрлері бойынша білім алушылар үшін тапсырмаларды тағайындау, орындалуын бақылауға арналған. Бұл модуль чат технологиясы (асинхронды және синхронды хабар алмасу) сияқты қашықтықтан оқытудың негізгі элементін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Функционал оқытушыға тексерілген тапсырма бетінде орындалған тапсырма үшін баға қоюға мүмкіндік береді, бұл оқытушының академиялық ағынды және «Бағалар журналы» модулінде білім алушыны іздеу уақытын босатады. Модуль оқытушылар мен студенттерге тапсырманы орындау/тапсырманы тексеру уақытын икемді жоспарлайды. Мәтін, графика, бейне және дыбыстық қатарлар форматындағы файлдарды тіркеу ақпаратты барынша көрнекі және оңай қабылданатын түрде жеткізеді.