Институттың редакциялық-баспагерлік қызметінің басты міндеттері:
оқу орнының оқу үрдісін және ІІО құрылымдарының тәжірибелік қызметтері мен ведомстволарын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды дайындау және шығару;
оқу орнының басылымдарын білім беру мекемелеріне және ішкі істер органдарының тәжірибелік органдарына насихаттау және тарату.
Институтта келесідей басылымдарды дайындау және жариялау жүзеге асырылады:
монографялар, оқу құралдары (оқу-әдістемелік, оқу-көрнекілік, оқу-тәжірибелік құралдар), практикумдар, оқу жоспарларының барлық пәндері бойынша дәріс курстары;
білім беру үрдісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік материалдар және оқу-әдістемелік құжаттар (жұмыс оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, ұсынымдар, зерттемелер, оқу пәндерін (курсын немесе оның бөлімін) зерделеу немесе оқыту жөніндегі сілтемелер;
профессорлық-оқытушылық құрамның, институт қызметкерлерінің, білім алушылардың ғылыми еңбектерінің тақырыптық жинақтары;
ғылыми, ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік конференциялардың, жиындардың, кеңестердің, дөңгелек үстелдердің және семинарлардың материалдары, оның ішінде өзге білім беру мекемелерімен және мемлекеттік органдармен бірігіп өткізілген шараларды да есепке алғанда;
анықтамалық, ақпараттық және өзге де баспа өнімдері.