Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ ӨТКІЗІЛДІ

10.01.2026

2026 жылғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың “Түркістан” газетіне берген сұхбатын жеке құрамға түсіндіру мақсатында идеологиялық сағат өткізілді. Жиын барысында Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, саяси реформаларды іске асыру, заң үстемдігін нығайту, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау жөніндегі негізгі ой-пікірлері жан-жақты түсіндірілді. Жеке құрамға Президент сұхбатында көтерілген басты басымдықтар – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттік басқару тиімділігін күшейту, өңірлерді дамыту, ұлттық құндылықтарды сақтау және адал еңбек қағидаттарын орнықтыру мәселелері жеткізілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының азаматтық жауапкершілік, патриотизм, тәртіп пен заңдылықты сақтау жөніндегі тапсырмаларына ерекше назар аударылып, әрбір қызметкердің аталған міндеттерді орындаудағы рөлі атап өтілді.