Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Халықаралық мұражай күні 

18.05.2026

Жыл сайын 18 мамырда әлем Халықаралық мұражай күнін атап өтеді. Қазақстанда 286 мұражай бар. Олардың қорында төрт жарым миллионнан астам экспонат бар. Жыл сайын мұражайларға шамамен жеті миллион адам келеді. Бүгінгі таңда тарихи мұраны сақтауға, мәдениетті дамытуға, сондай-ақ заманауи мұражай технологияларын енгізуге және саланы цифрландыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мұражай қызметкерлері ғылыми іс-шаралар өткізеді, білім беру және ғылым саласында инновациялық ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық жобаларды әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ кітапхана жұмысы бойынша жобаларды сәтті ұйымдастырады.

Мерейтойға орай бүгін бүкіл ел бойынша «Музейдегі түн» акциясы өтеді. Мекемелер кешке ашық болады, кіру тегін.

Институт кітапханасының оқу залында Халықаралық мұражайлар күніне орай 1 курс курсанттар назарына  кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Көрмеде «Ұлттық музей» фотоальбомы, «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі», «Иллюстрированная история Казахстана», сондай-ақ археология және Қазақстан тарихы бойынша кітаптар ұсынылды. Мақсаты: Жеке тұлғалардың да, жалпы қоғамның да рухани дамуына үлес қосу, жас ұрпақты ата-бабаларымыз жасаған мәдени қазыналардың үлгілерімен таныстыру.