Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Құқық қорғау органдары базасында тәжірибелік сабақтар өтті.

14.05.2026

2026 жылғы 12-14 мамыр айы аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы «Процестік даярлық» пәні бойынша алғашқы даярлық курс тыңдаушыларына оқу процесінің тәжірибелік бағыттылығын арттыру мақсатында Ақтөбе облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасында көшпелі сабақ өткізді. Сабақ барысында тыңдаушылар сот-баллистикалық сараптама жүргізу әдістерімен, адамды сыртқы келбет белгілері арқылы сәйкестендіру тәсілдерімен танысып, оқиға орнын қарау кезінде заттай дәлелдемелерді табу, алу және бекіту тәртібі бойынша тәжірибелік білім алды.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 20-22 мамыр айы аралығында «Процестік даярлық» пәніне қатысты Ақтөбе облысы ПД Кинологиялық орталығы базасында көшпелі сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында Кинологиялық орталық қызметкерлері тыңдаушыларды кинологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырумен, учаскелік инспекторлармен, жедел-тергеу бөлімшелерімен және криминалистермен өзара іс-қимыл тәртібімен таныстырды. Осыған байланысты одорологиялық сараптама жүргізу тәртібі, күдікті тұлғаларды ұстау, тұрғын үй мен автокөліктерді тексеру және тінту кезінде есірткі заттарын анықтау ерекшеліктері түсіндірілді.