14.05.2026
2026 жылғы 14 мамырда Халықаралық отбасы күні мен Әкелер күніне орай дене шынықтыру даярлығы кафедрасының профессор-оқытушылық құрамы ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 30 жылдық мерейтойы аясында институттың алғашқы кәсіптік даярлық курсы тыңдаушылары арасында мас-рестлингтен жарыс өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – тыңдаушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, күштік спорт түрлерін дамыту, дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, сондай-ақ жастар арасында ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Мерекеге орай ұйымдастырылған жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өздерінің күш-қайраты мен ептіліктерін көрсетіп, тартысты әрі қызықты белдесулер өткізді. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін танытып, жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарды институт бастығы полиция полковнигі Ғ.М. Есболаев құттықтап, дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
І орынға ие болғаны үшін алғашқы кәсіптік даярлық курсының 3 оқу тобының тыңдаушысы Қанатұлы Дастан марапатталды, ІІ орынға ие болғаны үшін алғашқы кәсіптік даярлық курсының 2 оқу тобының тыңдаушысы Нұрғали Дін-Мұхамет Серікұлы марапатталды және ІІІ орынға ие болғаны үшін алғашқы кәсіптік даярлық курсының 1 оқу тобының тыңдаушысы Сайдазимов Мухаммадали Сунаткулович марапатталды.
Жарыс салтанатты түрде аяқталып, қатысушылар естелік суретке түсті. Осындай спорттық іс-шаралар жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосады.












