Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

«Цифрландыру – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік полиция қызметінің тиімділігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытын арттыру факторы ретінде» тақырыбындағы Республикалық дөңгелек үстел

28.05.2026

Көлік объектілеріндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 28 мамырда «Цифрландыру – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік полиция қызметінің тиімділігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытын арттыру факторы ретінде» тақырыбындаРеспубликалық дөңгелек үстелөткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік полиция қызметінің тиімділігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытын арттырудың ғылыми негізделген тәсілдерін айқындау болып табылады.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің, облыстық Полиция департаменттері қоғамдық және өзіндік қауіпсіздік басқармаларының өкілдері, сондай-ақ құқыққорғау органдары жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен докторанттары қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушыларға осы іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.