Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

22.09.2023

2023 жылдың 22 қыркүйегінде Кәсіби психологиялық  даярлық және ІІО басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Ақтөбе облысының ПД инспекторы , «Малика» дағдарыс орталығының директоры, ІІО бөліністерінен оқуға келген ювеналдық полиция қызметкерлері сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу.