Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

22.01.2024

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы Қайнар Е.Е., және аға оқытушы-әдіскері Уаисов Б.Ж., Шымкент қаласының жалпы білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, жоғарғы оқу орнының артықшылықтарын, оқуға қабылдау талаптарын түсіндірді.

19.01.2024

Институт қызметкерлері полиция полиция полковнигі М.Алғожаев, полиция полковнигі М.Ешманов және полиция подполковнигі А.Салимов Алматы облысы, Қонаев қаласының жоғарғы сынып оқушаларымен кездесіп, оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

18.01.2024

18.01.2024 ж күні оқушыларға кәсіби бағдар беру және мамандыққа бағыттау мақсатында ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының маманы А.Қ. Қосмуратов және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің мамандары Есжан А, Ертай Ә 10-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

15.01.2024

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінің бастығы Кайнар Е.Е., және Аға оқытушы-әдіскер Уаисов Б.Ж., Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді, қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытында Институттың ғылыми-педагогикалық магистратурасына білім алуға шақырды.

15.01.2024

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында институт бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Е. Балымов Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп қала және облыс мектептерінің түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу ережелері мен тәртіптері қаралды.