Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

Институт бастығы құрмет демалысына шықты

25.05.2021

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығы полиция полковнигі А.Е.Кабдуевты құрмет демалысына шығуымен құттықтаймыз. Институт дамуына қосқан үлесі, ерең еңбегі, жеке және ауыспалы құраммен атқарған табысты жұмысы үшін алғыс білдіріп, Ақан Есетұлына зор денсаулық, отбасы мен жақындарына амандық тілейміз. Идеологиялық жұмыс бөлімшесі

Атақ беру рәсімі

22.05.2021

 Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты  4-курс түлектерін полиция лейтенанты атағымен құттықтаймыз! Сізге мансаптық және жеке өсу, сәтті қызмет тілейміз. Барлық шыңдар оңай бағындырылсын! Идеологиялық жұмыс бөлімшесі

Мұражай

15.05.2021

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 25 жылдығына орай институт музейі жаңа форматта қалпына келтіріліп, ашылу салтанаты өткізілді. Сонымен қатар, институт бастығының бұйрығымен институттың қалыптасуына үлес қосқан ардагерлер, институт қызметкерлері мен үздік курсанттары “М.Бөкенбаевқа 95 жыл” естелік төс белгісімен марапатталды. Идеологиялық жұмыс бөлімшесі