Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

04.02.2025

Біздің оқу орнымызда тыңдаушылардың жаңа ортаға бейімделуін қолдау мақсатында арнайы тренинг өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – тыңдаушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, топтық үйлесімділікті дамыту және тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдірді. Бұл тренинг олардың жаңа ортаға тезірек сіңісуіне және оқу процесіне оң әсерін тигізетініне сенімдіміз.

04.02.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кафедра апталығы аясында алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларын қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға ынталандыру мақсатында “Шындыққа жету жолында идеялар диалогы” атты дебат ұйымдастырды.Іс-шара білім мен тәрбие беру тұрғысында тындаушыларды әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен қарауды үйретуге бағытталды.

03.02.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының таңғы таралымында институт қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтар берілді. Атап айтсақ, “полиция подполковнигі” арнаулы атағы полиция майоры А.Сейтимоваға және полиция майоры А.Назарбаеваға, ал “қатардағы полиция ” арнаулы атақтары А.Байгруновқа және А.Бабаевқа табысталды. Сонымен қатар өткен аптада озат нәтижелерімен ерекшеленген тыңдаушылар марапатталды.