Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

Жаңалықтар

КЕЗЕКТІ АЛҒАШҚЫ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ КУРСЫНЫҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ КЕЛДІ

23.10.2023

Полициядағы қызметтің беделі жыл сайын артып келеді. Ішкі істер органдарында қызмет етуге бет бұрған жастардың саны көбeюде.23 қазаннан бастап Ішкі істер органдарына іріктеуден өткен үміткерлер Институтқа әкімшілік қызмет бағытында қысқа мерзімді оқуға (екі ай) қабылдануда.

КАДЕТТЕР АРАСЫНДА “ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА—ҚОҒАМҒА ПАНА” АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ.

19.10.2023

Институттың әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Ерланұлы Қуат Ф. Оңғарсынова атындағы 41 мектеп гимназиясының 8 кадет сыныбында ұйымдастырылған “Құқықтық сана—қоғамға пана” атты сайыстың қазылар алқасының құрамында төрелік етті. Сайыс оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп,өзгенің құқығын бұзбауға үйретуге бағытталды.

ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕАРНАДА ИНСТИТУТТАҒЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БАЯНДАЛДЫ

13.10.2023

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ғылыми зерттеу орталығының бастығы полиция подполковнигі А.Сахарбай “Қазақстан-Ақтөбе” телеарнасының “Қайырлы таң Ақтөбе!” бағдарламасына қатысып “Отбасылық тұрмыстық зорлықтың профилактикасы” тақырыбы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар осы салада заңнамалардың өзгерістерімен таныстырды. Толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНДАР

04.10.2023

Институт бастығының көмекшісі полиция полковнигі М.Б.Алғожаевтың жетекшілігімен арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен Ақтөбе қаласы №6655 әскери бөлімінің полигонында 5,45-мм Калашников автоматынан оқу-жаттығу тәжірибелік атыс сабағы жүргізілді.Атыс алдында алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларынан сынақтар қабылданып, қару мен оқ-дәрімен қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.